Мазмұнға өту

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ

Әскери дайындық

QAIRU-дағы оқумен қатар әскери дайындықтан өтіп, запастағы офицер немесе сержант атағын алуға болады.

  • 12 мамандық

    9 ОФИЦЕРЛІК ЖӘНЕ 3 СЕРЖАНТТЫҚ

  • 30 қыркүйекке дейін

    ӨТІНІШТІҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІ

  • 250 000 ₸

    БІР АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ

  • Конкурстық іріктеу

    ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ ӨТКЕНДЕРГЕ — КОНКУРСТАН ТЫС

ДАЙЫНДЫҚ ТУРАЛЫ

Әскери дайындық — QAIRU студенттерінің негізгі оқуымен қатар әскери дайындықтан өтіп, запастағы офицер немесе сержант әскери атағын алу мүмкіндігі. Дайындық 12 әскери-есептік мамандық бойынша жүргізіледі — запастағы офицерлерге 9, запастағы сержанттарға 3.

Оқу отансүйгіштікті, әскери ар-намысты және Отан алдындағы жауапкершілікті дамытады, қызметке қажетті әскери білім мен дағды береді, көшбасшылық қасиетті, ерлік пен тәртіпті тәрбиелейді.

АТАҚТАР ЖӘНЕ ҚҰНЫ

Әскери атақтар және құны

  • Запастағы офицер

    1 250 000 ₸

    2 жыл 5 ай — 5 академиялық кезең · кезеңіне 250 000 ₸

  • Запастағы сержант

    750 000 ₸

    1 жыл 5 ай — 3 академиялық кезең · кезеңіне 250 000 ₸

МАМАНДЫҚТАР

Әскери-есептік мамандықтар

Запастағы офицерлерге — 9

  • Жұмылдыру жұмысын ұйымдастыру
  • Жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану
  • Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру
  • Азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  • Заттай қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  • Идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
  • Құрлық әскерлерінде тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру
  • Киберқауіпсіздік
  • Заң кеңесшісі жұмысы

Запастағы сержанттарға — 3

  • Атқыштық
  • Материалдық қамтамасыз етудің біріктірілген түрлері
  • Жеке құраммен жұмыс

ОҚУҒА ТҮСУ

Әскери кафедраға қалай түсуге болады

Өтініштер түсетін жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
  1. Өтініш беріңіз

    Студент белгіленген үлгідегі өтінішті және құжаттардың толық топтамасын жеке өзі тапсырады.

  2. Іріктеуден өтіңіз

    Іріктеу конкурстық негізде жүреді.

  3. Оқуға қабылдау

    Мерзімді әскери қызметті өтеген студенттер медициналық комиссиядан өткеннен кейін конкурстан тыс, өтеусіз негізде қабылданады.

egov.kz арқылы онлайн тапсырғанда қағаз құжат қажет емес — ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық өтініш жеткілікті.

EGOV.KZ САЙТЫНА ӨТУЖаңа қойындыда ашылады

ҚҰЖАТТАР

Қажетті құжаттар

  • Белгіленген үлгідегі өтініш
  • Жеке куәлік — түпнұсқасы және көшірмесі
  • 3×4 см фотосурет — 4 дана
  • Соттылығының бар-жоғы туралы анықтама — ҚР Бас Прокурорының 27.07.2015 жылғы № 95 бұйрығына сәйкес нысан бойынша
  • Спорттық жетістікті растайтын құжат (КМС, МС) — бар болса
  • Факультет деканы қол қойған, факультеті мен тобы көрсетілген, QAIRU-да нақты оқитыны туралы анықтама
  • Жеке істі рәсімдеуге арналған папка-скоросшиватель және екі файл

БАЙЛАНЫС

Әскери кафедраның байланысы

ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

30 қыркүйекке дейін өтініш беріңіз

Іріктеу конкурстық, орындар әскери-есептік мамандықтар санымен шектеулі.